БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының Сарыағаш ауданының білім бөлімінің №16 «Мерей» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен- жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жемісті елді мекені, Б. Момышұлы көшесі №52 құрылыс
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 8 771 872 50 61 электронды поштасы:  dzhankaydarova @ mail.ru webсайт: https://merei-baqsha.edu.kz/  
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Джанкайдарова Токжан Дархановна Түркістан облысының білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысының 29.11.2018 жыл №   150-ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 19.09.2023жылы өткен. БСН 070440007945, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 19.02.2010 жыл. Кәсіпорын жарғысы Сарыағаш аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі 2023жыл. 19 қыркүйек Тіркеу № 394-1959-12-НАО-МК
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия 01.03.2010 жыл №0138759 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама талоны  KZ52RVK00062601
7Құрылған жылы2008 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны6 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенЖас ерекшелігі (2 жастағы балалар, 3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) Кіші топ Ортаңғы топ Ересек топ Мектепалды топ 25-30 минут
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 140 балаға арналған 23.10.2014 жылы №17-1-14-1-1250 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты типтік. Балабақша 140 орындық, қазіргі таңда 130 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа  топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Алты топ жұмыс жасайды. Кіші жас«Балбөбек», «Жауқазын» топтары жас ерекшелігі (2 жастағы балалар), орта жас «Бәйшешек», «Балапан» тобы жас ерекшелігі (3 жастағы балалар) , ересек жас «Балауса» тобы жас ерекшелігі (4 жастағы балалар), «Кәусар» мектепалды даярлық тобы жас ерекшелігі (5 жастағы балалар). Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Жас ерекшелігіне қарай балалар топтарында қабылдау бөлмесі, ойын-жатын бөлмесі, ыдыс жуатын бөлме, жуыну бөлмесі бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі қазандық арқылы табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және 16 бейне бақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары мен сәндік, саялы ағаштар егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті

-Әдіскердің кабинеті

-Психолог кабинеті

-Музыка залы

-Шаруашылық меңгерушісінің кабинеті

-Медбикенің кабинеті

-Оқшаулау бөлмесі

-Асхана

-Кір жуатын бөлме

— Қойма

-Теледидар – 6 дана;

-Компютер-4 дана

-Ноутбук — 3 дана;

—Принтер-4 дана.

—Проектр-1 дана

-Интерактивті тақта -2 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар  безендірілген. Әр топта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», «Дамытушы орталықтар» жасақталған.